Мэран Тернер : Астана Мәскеу мен Пекиннің сөзінен шыға ала ма?

/uploads/thumbnail/20170708190540551_small.jpg

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі әлемде заңсыз сотталғандарды босату ісімен айналысатын Freedom Now халықаралық ұйымына БҰҰ кеңесшісі мәртебесін беруге қарсы шықты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жақында әлемде заңсыз сотталғандарды амнициялаумен  айналысатын Freedom Now халықаралық қоғамдық ұйымына БҰҰ кеңесшісі мәртебесін беру мәселесі БҰҰ көлемінде талқыланған болатын. Онда Freedom Now-ды АҚШ және өзге 28 ел қолдаған. Ал Қазақстан, Ресей және Қытай бастаған бастаған 9 мемлекет қарсы дауыс берген. Нәтижесінде, басым дауысқа ие тараптың ықпалымен  БҰҰ түрлі елдердегі заңсыз сотталғандарды босату ісімен айналысатын Freedom Now ұйымын аккредитациялаған.

Freedom Now ұйымы сайтындағы хабарламада 20 шілдеде БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі Freedom Now ұйымына арнайы кеңесші мәртебесін бергенін айтқан. ECOSOC-қа мүше 54 елдің 29-ы Freddom Now-ға кеңесші мәртебесін беру қарарын қолдап, тоғызы қарсы дауыс берген, 11 мемлекет қалыс қалған.

Freedom Now ұйымына қарсы дауыс бергендер қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресеймен қатар Боливия, Пәкістан, Судан және Оңтүстік Африка мемлекеті бар. Қалыс қалған 11 ел арасында Үндістан бар.

Мэран Тернер, Freedom Now-дың атқарушы директоры:

-Қазақстанның ұйымға неліктен қарсы дауыс бергенін түсіне алмадым. Қазақстанның Fredoom Now ұйымына кеңесші мәртебесін беруге қарсы шығуына ұйымның бұған дейін Қазақстанда жүргізген жұмысы себеп болуы мүмкін. Мысалы, Freedom Now "Алма-Ата Инфо" газетінің бұрынғы бас редакторы, 2009 жылы "мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді заңсыз сақтап, таратты" деген айыппен үш жылға сотталған Рамазан Есіргеповтің босап шығуына себепкер болған.  Бұған қоса Астана Freedom Now-ға қатысты мәселеде Мәскеу мен Пекиннің саясатына ерген болуы мүмкін.

Нұрзат Тоғжан

Оставить комментарий

Связанные Статьи