Иісшіл ит есірткі сатушыны есінен тандырды

/uploads/thumbnail/20170708190541652_small.jpg

Қордай кеденінде 31 келі героин алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚР ҰҚҚ шекара қызметінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

21 шілде күні «Қордай авто» пунктінде қазақстандық шекарашылар  1966 жылы туған қырғыз азаматын құрықтаған.  Кейін анықталғандай, қырғызстандық азамат Қазақстан транзиті арқылы Ресей Федерациясына бағыт алған. Арнайы үйретілген «лео» есімді ит күдіктінің көлігін тінту барысында наркотикалық заттар тәркілеген.  Қазақстандық ҰҚҚ қызметкерлерінің жіті бақылауынан кейін күдіктінің   31 келіге жуық героин алып өтпек болғандығы дәлелденген.

Аталмыш іске қатысты Қырғызстан Құқық қорғау органдары хабар алған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Нұрзат Тоғжан

Оставить комментарий

Связанные Статьи