"Қытайдағы вирус Алматыға жетті". Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады (видео)

/image/2020/01/24/crop-452_7_520x693_whatsapp-image-2020-01-24-at-15.01.54.jpeg

Әлеуметтік желіде "Қытайдағы вирус Алматыға жетті" деген ақпарат пен видео таралып, қызу талқыланып жатыр. Алайда Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған видео Талдықорғадағы ауруханалардың бірінде өткен оқу-жаттығудан көрініс, сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.

"Бүгін Талдықорған қаласындағы аймақтық инфекциялық ауруханада адам өміріне қауіпті вирус жұқтырған пациентке көмек көрсету туралы жоспарлы түрде оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу жұмыстары Денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ. Әлеуметтік желілерде негізсіз ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз" делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. 

Өткен жылдың аяғында Қытайда белгісіз вирус тарап жатқаны айтыла бастады. Короновирус деп аталған бұл вирус Қытайдың Ухань және Хуанген қалаларында көптеп таралған. Соған байланысты Қытай билігі бұл екі қаланы жапты. Әзірге пневмонияға ұқсас дертке шалдықтыратын вирустың қайдан шығып жатқаны белгісіз. 2002 жылы осыған ұқсас вирустан Қытай мен Гонконгте 600-ден астам адам өлген.

23 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайда инфекцияның таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялаудан бас тартты. ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Адзхном Гебрейесустың айтуынша, мұндай шешім қабылдау үшін әлі көп дерек жинақталуы тиіс. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи