МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

/uploads/thumbnail/20170708190833477_small.jpg

ХІІІ ғасырда Моңғолдың біріккен мемлекеті орнағанға дейін моңғолдардың әдебиеті көшпенділердің ауыз әдебиеті денгейінде қалыптасып келді. Ауыз әдебиеті негізгі тармақтары ән, ертегі-аңыз, бақсылық ырымының емдік сөздері, өсиет, бата-тілек және де аңшылық ғұрыпқа қатысты айтылатын ұран сөздер, түрлі дастандар.
Көшпенділердің тарихқа белгіленген алғашқы әні б.з.д І ғасыр кезеңіндегі Күннү (Ғұн) ұлысына қатысты 4 жол қайғылы өлең болса, моңғолдардың «уртын дуу» («көмекеймен созылып айтылатын ән.) деп аталатын халық әнін де Күннү дәуерінен жалғасқан деп қарастырады.

Көшпенді моңғолдардың ежелден айтылып келе жатқан ертегі-аңыздарының ішінде Америка үндістерінің аңыздарына ерекше ұқсас аңыздар көптеп кездеседі. Және де Ежелгі грек философы Эзоптың мысал ертегілері, Інжілдің «Ескі өсиетінде» айтылатын аңыздар, сонымен қатар Алксандр Макендон туралы моңғол тілінде жазылған «Зулхарнайын хиқаясы» деген ертегі де бар. Осылардың ішінен ұзақ күнге жалғасып айтылатын Батыс моңғолдың (Ойраттың) әйгілі эпосы «Жангар»-ды түгел айтып шығу үшін 60 күн қажет етеді деген зерттеу еңбек бар. 
Моңғолдың көлемді эпостарының ішінде «Хан Харанхуй» («Хан Қараңғы») деп аталатын эпос ең көнесі, шамамен моңғол тайпалар одағы құрылмас бұрын пайда болған «эпостардың ханы». «эпостардың әкесі» деп аталады. Бұлардан кейінгі тағы бір үлкен эпос болып саналатын «Гэсэр хиқаясын» Х ғасырға қатысты оқиғалар желісіне құрылған деп қарастыруымен қатар 1716-шы жылы Моңғолда басылып шыққанына дейін Моңғол, Тибет, Буриат қатарлы Орта Азиядағы көптеген халықтардың арасында ауыздан-ауызға жалғасып келген шығарма болған екен. «Жангар» эпосын қалмақтарды Моңғол Алтай тауынан Еділ дариясына ауып көшкенінен бұрын пайда болған деп, 1940 жылы оның 500 жылдық тойын атап өткен көрінеді.

»Гэсэр», «Жангар», «Хан Харанхуй» осы үшеуі моңғолдың ауыз әдебиетінің ең биік шоқтығы боп саналады. Үшеуі де ер жүрек ерлердің батырлығы мен соларға қатысты соғыс оқиғаларын баяндайды. Демек, батырлық жырлар.

Ауыз әдебиеті жырлары мен бақсылық нанымға қатысты жырлар, көшпенділер арасында ортақ айтылып келген эпостар негізінен 1240 жылы жазылған «Моңғолдың құпия шежіресі» тарихи шығармасында ортақ көрініс тапқаны байқалады.
«Моңғолдың құпия шежіресі» кітабы көшпенділер әдебиетіндегі ең бір биік туынды, тарихи құнды мұра себепті ғалымдар назырында ең көп зерттеліп, өзге тілдерге ең көп аударылған еңбек болып есептеледі.
.
Кімнің жазғандығы әлі күнге толық анықталмаған бұл шығармада Шыңғыс қағанның ата шежіресі, дала көшпенділерінің біріккен мемлекет құрған тарихы, Моңғол империясының пайда болуындағы түгел оқиғаларды ерекше көркемдікпен бейнелейді. Шығармада өлең, қарасөз, шежіре, тарихи дерек, бақсылық жыр, аңыз-ертегі, мақал-мәтел,өсиеттер сияқты әдебиеттің түгел түрі қамтылған. Қытай, орыс, неміс, француз, ағылшын, мажар, чех, болғар, жапон, қазақ, түрік, испан, корей... тілдеріне ауыдырылып, жарық көріпті.

«Моңғолдың құпия шежіресінің» әсерінде кейіннен ХІІІ-ХҮІІІ ғасырлардың аралығында сол кездердің негізі тарихи туындылары «Хурангуй алтан товч», Лу. «Алтан товч», Саған сэцний «Эрднийн товч», Жамбын «Асрагч нэртийн түүх», Раашпунцагийн «Дай Юань улсын болор эрхи» қатарлы туындылар жызылады..
ХІІІ-ХІХ ғасыр аралығда Моңғол империясы Қытайда орталық құрып, Юань ұлысы деген атпен тұрған кезінде Құбылай хан, Төбтөмір хан, Тоғонтөмір хан, Лян уаң Базарпалам қатарлы хан, уаңдар, Ағай, Баян қатарлы ақындар қытай тілінде өлең, жырлар жазады. Қазіргі таңда Қытай әдебиетінің классикалық мұрасы саналатын «Ежелгі бүгінгі ғажайып қызықты оқиғалар» деген романды жазған Пу Сун Линді (1640-1715)і де моңғол нәсілді адам болған деседі.


***

Орта ғасырдағы моңғолдың лирикалық поэзиясының жарқын көрінісі Цогт тәйжінің (1581-1637) өлеңдері. Бұдан кейін ХІХ ғасырда Моңғол әдебиетінде қайда өрлеу дәуірі басталған деп қарастырылады. Бұл кезеңге Данзравжаа (1803-1856), Хуульч Сандаг (1825-1860), Инжаннаш (1837-1892) қатарлы көптеген сөз өнерінің зергерлері туылады
Осы дәуір әдебиетшілері арасында Хуульч Сандаг негізін қалаған «сөз» деп аталатын жанр классикалық моңғол әдебиетіндегі жеке дара бір тармақ болып есептеледі. Ол жансыз нәрселер мен тілсіз мал, хайуандарды адами қалыпқа енгізіп, солар арқылы солардың ойы іспетті қоғамдағы келеңсіз жәйіттерді келеке етіп әшкерелеген тапқырлық өлеңдері кейінгілерге үлгі болған өлмес туындылар.

Ал, қазіргі Ішкі Моңғолияға қарасты өңірде туылған Инжаннаш болса, Моңғол туырлықтылардың ең алғашқы романын жазған жазушы. Оның қылқаламынан туындаған 
«Хөх судар» («Көк сутра (шежіре)», «Нэгэн давхар асар» («Бір қабат шатыр»), «Улаанаа уйлах танхим» («Алаулап жылаған кеңсе») деген үш романы қазіргі күнде белгілі болып отыр. Срндай-ақ, Инжаннаштың туған ағасы Гүлранс (1820-1851) сол дәуірдегі Моңғолдың таңдаулы ақындарының бірі.
***
1921 жылы Халық Революцисы жеңіске жетіп, 1924 жылдан бастап Кеңестік Ресейге сүйеніп коммунистік режиміндегі мемлекет орнағаннан кейін Моңғол әдебиеті М. Горькидің үлгісімен социалист реализмді негізгі бағыт етіп жариялайды. Сол себепті, 1990 жылға дейін ұлттық классикалық әдебиеттің үлгісі үзіліп, коммунистік партияның идеологиясына қызмет ететін ұраншыл әдебиеттер жазылып, әдебиеттегі еркін ойлауды бақылайтын қырағы цензура аппараты жұмыс жасайды.


Осы 70 жылда Д. Нацагдорж (1906-1937), Б. Явуухулан (1929-1982) деген екі таңдаулы ақын, Д. Намдаг (1911-1984), С. Эрдэнэ (1924-1999), П. Лувсанцэрэн (1934-1972), Д. Батбаяр (1940-) қатарлы аз ғана нағыз жазушылар туылады.
Д.Нацагдоржийн Дөрвөн улирлын шүлгүүд, «Ламбугайн нулимс», «Харанхуй хад» өгүүллэг, Д.Намдагийн «Хөгшин чоно ульсан нь» тууж, С.Эрдэнийн «өвгөн шувуу», «Малын хөлийн тоос», «Наран тогоруу» өгүүллэгүүд, П.Лувсанцэрэнгийн «Уе шиг цэнхэр», «Нурамтын өвөрт» өгүүллэгүүд, Б.Явуухулангийн «Хар-Ус нуурын шагшуурга», «Тэхийн зогеоол», «Туулын шугуй» зэрэг олон шүлэг, Д.Батбаярын «Цахилж яваа гөрөөс» туужийг давын өмнө нэрлүүштэй.
Бұл аралықтағы айтуға тұрарлық мықты туындылар: Д. Нацагдоржының «Төрт мезгіл» өлеңдері, «Лама екеңнің көз жасы», «Қараңғы жартас» әңгімелері, Д. Надагтың «Кәрі қасқырдың ұлығаны» повестісі, С. Эрдэнэнің «Кәрі құс», «Мал аяғының тозаңы», «Күн- тырна» әңгімелері, П. Лувсанцэрэннің «Сүйел көк», «Нурамты баурайында» әңгімелері, Б. Явуухуланның «Қарасу көлінің құрағы», «Тәутеке тұрағы», «Туылдың орманы», «Күміс жүген сыңғыры» сияқты көптеген өлеңдері, Д. Батбаярдың «Жортып жүрген киік» повестілері өзгелерден бұрын аталады.

Қазіргі әдебиеті
1990 оноос хойш Монголын уран зохиол үзэл суртлын хатуу хяналт, социалист реализмын загварлагчлагдсан сэтгэлгээнээс чөлөөлөгдөв. Коммунист эрх баригчид ганцхан реалист дүрслэлийг л хүлээн зөвшөөрдөг байсан тул, ардчилал хөгжсөн сүүлийн арав гаруй жилд уран бүтээлийн шинэ шинэ эрэл хайгуул хийгч залуу зохиолч, яруу найрагчид, янз бүрийн урсгал чиглэлийг талархан баримтлагчид олноороо гарч ирлээ.
1990 жылдан бастап Моңғол әдебиеті идеологиялық қатаң бақылау, социалист реализмнің құрсаулы санасынан толық құтылды. Соның нәтижесінде соңғы жылдардың ішінде шығармашылық еркін ойлайтын, түрлі ізденістерге талпынған жас жазушылар мен ақындар көбейіп, соның нәтижесінде әдебиеттің алуан түрлі ағымдары мен жаңашыл үлгі, жаңашыл сезімді көптеген әдебиетшілер пайда болды.
Солардың алдында Д. Урианхай (1939-), О. Дашбалбар (1957-1999), Д. Нямсүрэн (1945-2002) қатарлы өзіндік ерекше сезімтал ақындардың сана-түйсігіндегі ізденістерді бүгінгі күннің талабы деңгейінде жалғастырып жүрген жас қаламгерлердің шығармаларында әлем әдебиетін бастаушы – постмодернизмің түрлі көрінісі байқала бастады.

1990-шы жылдың басында әдебиетке келген жас ақындардың арасынан «модернист» деген атаумен ерекше танылған ақын Б. Галсансүхтің өлеңдері жаңашылдығымен өзгелерден ерекшеленеді. Оның 1995-ші жылы жарық көрген «Хүн судлал» («Адам зерттеу») деп аталатын өлеңдер жинағы әдебиетке келген үлкен жаңалық ретінде айрықша қабылданды. Ол сондай-ақ, Д. Төрмөнх, П, Бросенс екеуі жасаған «Нохойн орон» («Иттің елі») деп аталатын деректі фильмде оқыған өлеңдерімен жер шарындағы көптеген елдеріне танылды. Фильм халықаралық кино фестивалінде бас жүлде «Гран-При» жеңіп алды. Өлеңдері көптеген тілдерге аударылды.
С.Анударын «Дөрөв биш дөрөв» (1996), Г.Аюурзанын «Цаг хугацаа амсхийх зуур» (1998), «Философийн шүлгүүд» (2001), Л.өлзийтөгсийн «Тэнгэрт ургадаг модод» (2000), «Эрх чөлөөтэй байхын урлаг буюу Шинэ ном» (2002), Б.Одгэрэлийн «Үл таних зочин» (2003) зэрэг номууд уламжлалт, соцрсалист уран зохиол, яруу найргаас эрс ялгарна.
Б. Галсансүхпен қатар осы буынның талантты ақындары есебінде С. Анударь «Төрт емес төрт» (1996), Г. Аюурзана «Уақыт сәл аялдаған тұста» (1998), Л.Өлзийтөгс «Аспанда өсетін ағаштар» (2000), Б. Одгэрэл «Бейтаныс қонақ» (2003), Б. Хүрэлтогоо «Редакторланбаған өлең...» (2006) деген ақындардың жинақтары дәстүрлі соцреалистік әдебиеті мен поэзиясынан мүлде өзгелігімен ерекшеленеді . Бұл аталған ақындардың барлығы Моңғол поэзиясына жаңа бағыттағы жаңалық енгізуші элиталық әдебиет өкілдері болып саналады.


Жүкел ХАМАЙ

Связанные Статьи