Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

/image/2020/02/17/074654044800.jpg

Қазақстан республикасының үкімет қаулысымен Жылқыбаев Ержан Жұматұлы басқа қызметке ауысуына байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады Қазақстан республикасы үкіметінің ресми сайты.

Жылқыбаев Ержан Жұматұлы бұған дейін бірнеше лауазымды қызметтерді атқарған. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінің бас маманы, Қазақстан республикасының премьер-министрі кеңсесінің бас сарапшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлім басшысы, ШҚО әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдың сәуір айынан 2020 жылдың ақпан айына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи