Аттан түскісі келмейтін атақтылар

/uploads/thumbnail/20170708191000996_small.jpg

Билік бишіктерімен халықтың арасындаға диалог – кез келген мемлекеттегі саяси-әлеуметтік ахуалдарға байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Көбіне биліктің дәлізіндегі «фигуралар» сайлау кезінде халықпен етене жақындасып кететіні де, кейін халық билігі белгілі бір тұлғалардың авторитарлы жүйесінің езгісіне түсіп кететіні де қалыпты жағдайға айналған.  Мұндай жағдай әсіресе басқарушы билік тізгінін  бір саясаткердің емеурініне бірнеше рет қатарынан  тапсырып бергенде  жиі кездеседі. Мемлекетті басқару үшін қатарынан  сайлауға түсіп, ақырында сайлаусыз референдум өткізіп қайта таққа отырғызу Орталық Азияда қалыпқа айналған. Сондықтан да болар,  басқарушы билік – авторетарлы биліктің ауанына ауып кететіні.

Мұны – билікқұмарлық індеті деп атауға әбден болатын секілді. Билік магиясы – саяси жүйе және саяси режим тұрпатында Орта Азиялық мемлекеттердің ұқсастығы мен жекелеген айырмашылығы айтарлықтай. Қазіргі «трансформация», «транзит», «өтпелі кезең» саяси құрылымының жаңаруына алып келу ықтималдығы жоғары ма, әлде мүмкіндігі жоқ па бұл саяси жүйе құрылымындағы басты мәселе. Таққұмарлық, биліктегі ұзақ жылдар Қазақстан үшін саяси жүйе құрылымы мен саяси режимнің қайнарына айналып кеткендей және осы жолда Қазақстанның Орта Азиядағы өзге авторитарлы мемлекеттерден көші ілгері тұр. Кейбір сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы авторитарлық режим 90 ж. ортасына қарағана күшейіп келе жатыр. Жеке билікті орнату -саяси бәсекелестікті жоюмен жалғасын табатыны сөзсіз. Ендеше Қазақстанда бұл жасанды саяси бәсеклестікті қамтамасыз етумен байқалады. Саяси саханадағы шынайы саяси бәсекелестіктің болмауы саяси өмірге деген қызығушылық тудырмайды. Ал басқарушы өзінің тағын, жылы орнын ешкіммен бөліскісі келмейді. Біз білетін билік- осы міне! Ал мемлекетті іш пыстырарлық ұзақ жылдар бойы басқыруды әдетке айналдырып, билікқұмарлық дертіне шалдыққан, тізгінші әлем саясаткерлерінің сегіздігі төмендегідей болған.

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстанның тұңғыш әрі мәңгі Президенті.

Мансабы: 1990 ж Қазақ ССР Президенті, 1991 ж Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті, 1995 ж референдум арқылы президенттік өкілеттілігін созған, 1999 жылы Қайта Президент болып сайланды, 2005 жылы тағы бір рет Президент болып сайланған, 2011 жылы Қазақстан халқы 5 миллион 16 мың қол жинап,  Назарбаевты қайта Президент етіп таңдайды, 2015 жылы ол қайтадан Қазақстан Президеттігіне тағайындалады. Бұл осымен Назарбаевтың 7-рет Президент болып сайлануы еді. Қазір оның жасы 75-ті алқымдаған. 25 жыл бойы басқырушы.

Жетістігі: 6 мәрте Нобель сыйлығына ұснылғанымен сәтсіздік серік болған. Мұнан өзге жүздеген халықаралық орден- марапаттардың иесі.

2. Ислам Каримов, Өзбекстанның бірінші және қазіргі Президенті.

Мансабы: Өзбекстан 1991 жылы КСРО-дан бөлініп шыққаннан бергі үзіліссіз басқарып келген Президет. Орта Азиядағы кәрі қасқырлардың бірі. 1990,1995,2002,2007

2015 жылдардағы халық таңдауының 90 пайызына ие болған Ислам ака қазір де Өзбекстан тағын ешкімге берер емес.24 жыл бойы басқарушы.

3. Эмомоли Рахмон, Тәжікстанның Президенті

Мансабы: Эмомоли Рахмон 1994 жылдан бері Тәжікстан Президенті тағында отырған саясаткер. 21 жыл бойы басқарушы.

Жетістігі: Тәжікстан Республикасының халық батыры.

4. Лукашенко Алекстандр, Белорусияның бірінші Президенті.

Мансабы:  1994 жылы 20 маусымнан бастап  Белорусияның Президенті. Пост-кеңестік мемлекеттер арасындағы нағыз авторитар. Қатарынан 4 мәрте Президент болып сайланған.

Жетестігі:  Бірнеше шетелдік марапаттарға ие болған. 21 жыл бойы басқарушы.

Санкция: Александр Лукашенкоға Еуропалық одақ пен АҚШ және Польша мемлекеттері өз территорияларына кіруге қарсы санкция салған.

Қызықты факті: Александр Лукашенко хоккей ойнағанды жақсы көреді. Ұлттық құрамада өзі де ойнап тұрады (жаттығу барысында).

5. Ангела Меркель, ГФР қазіргі канцлері.

Мансабы:  3 рет Федеральды канцлер. 2005 жылы Германияның тұңғыш әйел канцлері болған. 2007 жылы ЕО төрайымы болды. 10 жыл бойы басқырушы.

Жетестігі:  Ұлы Карл сыйлығынан өзге 15 мемлекеттің ордленімен марапатталған.

Қызықты фактілер: Неміс тілінен өзге ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлей алады. Футболға әуестігі бар және кейде сауда жасап, көкөністерді өзі сатып алады.

ГФР-дің қазіргі канцлері Ангела Меркель 2017 жылы төртінші рет канцлерлікке сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Риа Новости.

Басылымның хабарлауынша, Меркель осыған дейін Христиан-демократиялық одағының бас хатшысы Петер Таубермен және партияның басқарушы директоры Клаус Шюлермен сайлауға дайындық барысын талқылаған.

Мәлімет бойынша, Меркель өзінің ресми шешімін 2016 жылдың басында жарияламақ. Ол 2005 жылы алғаш рет канцлер атанған болатын.

6. Путин Владимир, Ресей Федерациясының 2-ші және 4-ші Президенті.

Карьерасы: Путин - дәл қазіргі таңдағы әлем назарын тігіп отырған авторитар Президенттің бірі.  Ресейдің 2-ші және 4-ші Президенті болған, 5-ші және 9-шы Премьер-министрі болды. 11 жыл бойы Президент.

7. Хуссейн Барак Обама, АҚШ-тың  44 - Президенті.

Президенттік мансабы: 2 рет. 2008 және 2012 жылы сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың тұғыш қара нәсілді Президенті атанған. 7 жыл бойы ел басқырып келді.

Жетістігі: Нобель Сыйлығының лауреаты (2009 ж).

 

8. Девид Кэмерон, Ұлыбританияның Премьер-министрі.

Мансабы: 2010-жылы Ұлыбританияның ең жас премьері атанады. Ал 2015 жылы ол Премьер-министрі лауазымына  қайта сайланған. Оппозиция өкілі. Теннисті жаны сүйеді, жұмысқа велосипедпен келеді.  5 жыл бойы ел басқырушы.

 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи