Нұрсұлтан Назарбаев Бодрумде демалып жүр

/uploads/thumbnail/20170708191004717_small.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті еңбек демалысына шыққаны туралы қазақстандық БАҚ біраз бұрын жазған болатын.  Алайда Президенттің қалай және қайда демалатыны туралы  бейхабар едік. Жақында Қазақстан Президентінің Түркияның Бодрум қаласынада жүргендігі туралы ақпарат тарады. Бұл туралы «Қамшы» порталы  түркиялық www.kaztr.com  сайтына сілтеме жасай отырып  жазады (http://www.kaztr.com/haber/nazarbayev-bodrumda-tatilde_h24943.html).

Оның Бодрумдағы қымбат қонақ үйлердің бірі Rixos-қа қалып, кешкі уақытта гольф ойнауға барғандығын түркиялық журналистер суретке түсіріп алған.

Президент Назарбаев мырза жақын жолдастырымен, әріптестерін ертіп, Бодрум көшелерінде, теңіз жағалауында серуан құрған. Өзін таныған туристтерге келіп сәлімдесіп, азды кем әңгіме құрған. 1 сағаттай гольф ойнаған Назарбаев қонақ үйге қайта оралған.

Кейбір дереккөздеріне сүйенсек, Қазақстан Президенті Бодрумда 10 күндей болады екен.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи