Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде зейнетақы, жәрдемақы 10 пайызға артатынын айтты.
– Инфляцияның артуына байланысты, зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым, – деді президент.
Сондай-ақ тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтар көбейеді. Мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі.
Президент сонымен қатар 1 сәуірден 1 шілдеге дейінгі аралықта медициналық көмекті МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да ала алатынын атап өтті.
Оставить комментарий