Бүгін қытайлық дәрігерлер Қарағандыға кетті. Сарапшылар 19 сәуірге дейін сол жақта болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
⠀
Қытай мамандары қарағандылық дәрігерлер мен медбикелерге COVID-19-дың алдын алу және бақылау бойынша онлайн тренингтер өткізеді. Жағдайы ауыр науқастарды емдеу тәжірибесімен бөліседі, медициналық ұйымдарда инфекцияның таралуына жол бермеу тәсілдерін, коронавирусты диагностикалау әдістерін үйретеді.
⠀
Сондай-ақ қытайлық сарапшылар Қарағанды медицина университетінің молекулярлық-генетикалық зертханасына барады. Онда жұқпалы аурулардың молекулярлық және генетикалық эпидемиологиясы, оның ішінде коронавирустық инфекция мәселелерін талқылайды.
Оставить комментарий