Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан көз жұмды

/image/2020/04/10/crop-10_77_517x919_crop-239_39_703x937_5e5f8ce4aac7d476012660.jpg

15 сәуір кешке қарай Шымкент қаласында бір адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда марқұм 66 жаста болған. Көз жұмған науқас туралы басқа дерек әзірге белгісіз.

Қайтыс болған науқас – Шымкент қаласында коронавирутсан көз жұмған үшінші адам. Ал Қазақстанда індеттен қайтыс болғандар саны 16-ға жетті. Ең көп – 4 адам Ақмола облысында көз жұмған. 

Елде 13 наурыздан бері 1290 адамнан коронавирус табылды. Осы уақытқа дейін 240 адам індеттен жазылып шықты.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи