– Мен өз әкімшілігіме Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатуға нұсқау беремін. ДДСҰ коронавирустың таралуын бақылаудағы және оны жасырудағы рөлін сараптау жүргізіліп жатыр, – деді Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында.
Трамптың айтуынша шамамен 60-тан 90 күнге дейін жалғасатын тексеруден кейін АҚШ-тың қаржыландыруды қалпына келтіретіні туралы шешім қабылданады.
Бұл шешімге қатысты түрлі пікір айтылуда. Солардың бірі Майкрософттың негізін қалаушы және филантроп Билл Гейтс Твиттерде «Осындай дүниежүзілік денсаулық дағдарысы кезінде ДДСҰ-ны қаржыландыруды тоқтату өте қауіпті" деп жазды.
Өткен аптада Трамп ДДСҰ-ны қаржыландыруын қайта қарайтынын мәлімдегені хабарланған болатын. Онда АҚШ президентінің ДДСҰ-ны неге айыптағаны, неге негізделіп қаржыландыруды қайта қарайтыны туралы айтылған.
Оставить комментарий