ДДСҰ: Коронавирустан сауыққан адам вирусты екінші рет тағы жұқтыруы мүмкін

/image/2020/04/25/crop-3_4_393x633_who-110420-01.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, коронавируспен ауырған адам вирусты екінші рет тағы да жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Қамшы тілшісі Bloomberg ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының 24 сәуірдегі мәлімдемесінде: «Ковид-19-дан сауыққан, иммунитеті қалыптасқан адамдардың екінші рет вирус жұқтырмайтыны туралы қазір ешқандай дәлел жоқ», - делінген.

ДДСҰ айтуынша, кейбір елдер коронавирусқа қатысты жаңсақ шешімдер қабылдауда. Бірнеше республика вирусқа қарсы “антиденелері бар адамдар” үшін сапарға немесе жұмысқа оралуға мүмкіндік беретін «иммунитет паспорты» немесе «вирустың қатеріне қарсы сертификат» беруді ұсынған. Алайда, ДДСҰ ақпараты бойынша, мұндай сертификат алған адамдар денсаулық сақтау нұсқауларын елемей, аурудың одан әрі таралу қаупін арттыруы мүмкін.

Бір қызығы, Чили бірінші болып иммунитеттік карталарды шығаратынын жариялап үлгерген. Бұл мамандар үшін алаңдаушылық туғызуда, себебі, кейбір тестілер сенімсіз болып шықққан, тіпті, "кейбіреулер картаны алу үшін әдейі ауырып қалуы мүмкін" дейді ДДСҰ. АҚШ және басқа елдер соған қарамастан, бұл нұсқаны қарастырып жатқанын жариялаған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи