Алматыда коронавирус індетін жұқтырған тағы 23 жағдай тіркелді. Олардың барлығы вирус жұқтырған науқастармен байланыста болған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Вирус жұқтырғандар ішінде 17 әйел, 5 ер адам және 6 жасар бала бар. Жаңадан анықталғандардың арасында 97 жастағы зейнеткер әже де бар", делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 717 адам бар. Олардың жай-күйі әзірге өзгеріссіз, бір адам – өте ауыр халде, 23 адам – ауыр, 200 адам – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.
Жалпы Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 814 жағдайы тіркелді.
Оставить комментарий