Илон Маск қамауға алынуы мүмкін

/image/2020/05/12/crop-22_64_1886x2921_download-2.jpeg

Илон Масктың қамауға алыну мүмкіндігі туралы хабарланды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск дүйсенбіде Калифорниядағы автомобиль шығаратын зауытында жабық тұру туралы бұйрықтан бас тартуына байланысты "егер кімде-кімді тұтқындауға тура келсе, мені тұтқындасын" деді.

Демалыс күндері Маск өз зауытының жабылуына байланысты Калифорниядан Техасқа немесе Невадаға кететіндігін жариялаған. Ол бұл қадамы үшін жұмыс орындарындағы бәсекелестікті ерекше атап өтті.

Илон Маск твиттер парақшасында өндірісті дүйсенбіде қайта бастайтынын, монтаждау желісіндегі қызметкерлер жұмысқа шыға бастайтынын айтты.

–Егер кімде-кім тұтқындалу керек болса, мені ғана тұтқындауын сұраймын,–деп твиттерінде жазды ол.

Фремонт зауыты орналасқан Аламеда округінің денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша, дүйсенбі күні кешке Tesla рұқсат етілген минималды негізгі операциялардың шектеуін бұзған. Жергілікті билік компанияға окург бекіткен жоспардарсыз жұмыс істей алмайтындығын хабарлаған.

Жергілікті билік дүйсенбіде компаниядан жауап күткенін және « Tesla бұдан әрі мәжбүрлеу шараларына жеткізбейтінне үміттентіндерін» айтты. Мәлімдемеде зардаптар көрсетілмеген және шенеуніктер бұдан әрі түсініктеме бермейтінін айтты.

Билік өкілдері мемлекеттің тыйым салу тәртібін бұзу айыппұлмен, қамауға алумен немесе екі түрімен тең жазаланатындығын айтты.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи