Ата-аналар мен басқа да бөгде жандардың ҰБТ аймағында түлекті күтіп тұруына тыйым салынады. ҰБТ барысын бақылап отыру үшін ата-аналарға онлайн-трансляция жүргізіледі, деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Министрдің сөзінше, ҰБТ тапсыратын аймақ арнайы жолақтармен қоршалады.
– ҰБТ тапсыру орнына кіру аймағында тәртіп сақталады, арақашықтық кемінде екі метр болуға тиіс, бұл шара ҚБТ тапсыру кезінде де қолданылады. 161 ҰБТ тапсыру орнында 1200-ге жуық аудитория дайындалады. Олардың ішіне тек 50% түлектен отыратын болады, бұл қауіпсіздік үшін, – деді Асхат Аймағамбетов
Оставить комментарий