«БАҚ-БЕРЕКЕ» ЖШС директоры Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді

/image/2020/06/18/crop-18_36_523x697_53a140e5584ff5787b65b47fb7804965-small.jpg

Сыр құрылысшылары атынан «БАҚ-БЕРЕКЕ» ЖШС директоры Қайрат Ерназаров Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазіргі таңда елімізде эпидимиологиялық жағдай күрделенуде. Барлығымыз қазақ халқының саулығы үшін алаңдаулымыз. Бүгін БАҚ жарияланған хабар бізді бей-жәй қалдырмады.

Еліміздің дамуы үшін сіздің еңбегіңіз бен үлесіңіз зор. Сарабдал саясатыныңыздың арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш. Сіз салған сара жол арқылы, халқымыз кез келген қиындықты еңсеретініне сенімім мол!

Сізге зор денсаулық, індетті жеңіп шығуға қажырлы қайрат тілеймін!" деді «Бақ-Береке» ЖШС директоры Қ. Ерназаров.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи