Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде өткен тәулікте 1798 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады. Оның ішінде 1061 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы.
Ел бойынша КВИ анықталғандардың жалпы саны 58 253 адамға жетті. Оның 33 814-і жазылып шықса, 264 адам қайтыс болған. Қайтыс болғандар туралы деректе 6 шілдеге дейінгі жағдай есепке алынған. Денсаулық сақтау министрлігі көз жұмғандар туралы деректі аптасына бір рет хабарлауға көшкен. Тізім келесі аптаның басында жаңартылады.
Індеттің таралуы жөнінен әлі де Атырау облысы көш бастап тұр. Облыста бір күнде 269 адамнан КВИ анықталған. Одан кейінгі сатыда тұрған Алматыда өткен 24 сағатта 48 жаңа жағдай тіркелген.
Аймақтар бойынша тәулік ішіндегі жалпы жағдай төмендегідей (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 88 / 40
Алматы қаласы - 242 / 81
Шымкент қаласы - 137 / 99
Ақмола облысы - 38 / 23
Ақтөбе облысы - 40 / 25
Алматы облысы - 48 / 29
Атырау облысы - 269 / 200
Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 150
Жамбыл облысы - 79 / 64
Батыс Қазақстан облысы - 97 / 43
Қарағанды облысы - 158 / 93
Қостанай облысы - 56 / 19
Қызылорда облысы - 91 / 33
Маңғыстау облысы - 72 / 67
Павлодар облысы - 51 / 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 48
Түркістан облысы - 56 / 41
Қазақстанда пневмония диагнозы қойылған науқастар және одан қайтыс болып жатқандар көп. Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен шетел ғалымдары Қазақстандағы пневмония шын мәнінде коронавирус екенін мәлімдеген. ДДСҰ-ның бұл мәлімдемесіне Қазақстан билігі ешқандай реакция білдірген жоқ.
Тағы оқыңыз!
♦ Қазақстанда КВИ бойынша ахуал жақсармай тұр
♦ Тоқаевтың назарына: Қазақстандағы пневмония коронавирус деп танылсын!
Оставить комментарий