Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

/image/2020/08/03/crop-157_53_377x741_1580357717_news_b.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласында "Астана Раушан касса айналымы" қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлады қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі. 

Компания 2020 жылдың қаңтарында қаржы пирамидасының негізінде құрылған. Оны құрған елорда тұрғыны мыңнан астам адамнан заңсыз жолмен ақша алып, оларды тақырға отырғызған. Қазіргі кезде келтірілген шығын есептеліп жатыр. 

"Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлімі 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету). Жоғарыда көрсетілген қаржы пирамидасының заңсыз әрекетінен жапа шеккендерді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгінуін сұраймыз (Желтоқсан көшесі, 43 үй, тел.: 31-61-45, ұялы тел.: 8-701-218-5318, 8-701-888-9316)" делінген хабарламада.

Оставить комментарий

Связанные Статьи