Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында тамыздың 5-сінен 6-сына қараған түні басталған нөсер тұрғындарды әбігерге салып жатыр, деп хабарлады lada.kz.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің дерегінше, Ақтауда 12 учаске су астында қалған. Оның 5-еуі автокөлік жүретін жол.
Ал Мұнайлы ауданында 4 көше мен 8 үйді су басқан.
Нөсерден зардап шеккендеп жоқ.
Желіде таған видеолардан найзағай жарқылын, ерекше бұлттардың көшіп бара жатқанын, жаңбыр суының көшелерді басып, тұрғын үйлердің төменгі қабатына дейін кіріп кеткенін көруге болады.
Стноптиктер алдағы күндері Ақтауда ауа-райы ашық болатынын хабарлады.
Оставить комментарий