Нұрлан Нығматулин елімізге белгілі саясаткерлермен және сарапшылармен кездесті

/image/2020/08/26/crop-125_1_1484x1978_084053132900.jpg
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің азаматтық қоғам мен сындарлы ұсыныстар үшін әрдайым ашық екенін айтып, сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің заң жобаларымен жұмыс істеудегі тәжірибесіне тоқталды.
Бұлар ең алдымен, әлеуметтік, экономикалық салаларды жетілдіруге және Мемлекет Басшысының саяси реформаларын іске асыруға арналған заңдар.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, сарапшылардың ұсыныстары мен пікірлері елімізді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған сапалы заңдарды дайындау үшін маңызды. Нұрлан Нығматулин
- Біздің ұстанымымыз барлығына белгілі – ол әрдайым заң шығарушылық жұмыс барысында сарапшылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлерді барынша есепке алу. Біз заң жобаларымен жұмыс істеу кезінде сіздердің бағаларыңыз бен тұжырымдарыңызға сүйену үшін сарапшылар қауымдастығымен үнемі байланыста болуға ниеттіміз, – деді Нұрлан Нығматулин. саясаткерлер
Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы депутаттардың заң шығару жұмысы кезекті парламенттік сессиялар арасындағы кезеңде де жалғасатынына назар аударды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, қазір Мәжілістің заңнамалық қоржынында 72 заң жобасы бар болса, оның 21-не депутаттардың өздері бастамашы болған.
Мәжіліс Спикері алдағы сессияда депутаттардың заң шығару қызметінің басым бағыттары туралы айта келіп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттік сессияның ашылуында жоспарланып отырған халыққа Жолдауының орындалуын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. саясаткерлер
Алдағы уақытта депутаттарға ауылдық, аудандық, қалалық деңгейдегі билікпен жауапкершілікті кеңейту мәселелері бойынша Экологиялық кодекс жобасымен де жұмыс істеу міндеті тұр. саясаткерлер
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар «Жайылымдар туралы» Заңды тиімді қолдану, жеке тұлғалардың банкроттығы және халықтың несиелендірілуі мен қоғамдық кеңестердің жұмысы сияқты бірқатар мәселелерді көтерді. саясаткерлер
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы күшейту жөніндегі жұмыста депутаттық корпус пен сарапшылар қоғамдастығының ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.
Нұрлан Нығматулин депутаттық корпус пен сарапшылар қауымдастығының ынтымақтастығының нәтижесінде ауқымды пікірлерді ескере отырып, сапалы заң жобаларын қабылдауға болатынына сенім білдірді.
 
(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов). саясаткерлер

Оставить комментарий

Связанные Статьи