Ата заңымыздың 25 жылдығы қарсаңында тағы үлкен қуанышты жаңалық орын алды. Мереке аясында Еңбекшіқазақ ауданындағы 60 отбасы баспаналы болды
Есік қаласының 4 шағын ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің кілттерін аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев табыстады. Иә, баспаналы болу бір бақыт! Үйді болғандардың қатарында көпбалалы ата-аналар, аз қамтылған отбасылар және жетім балалар бар. Ең кереметі үйдің маңында 3 мектеп, аурухана, ХҚКО сияқты мекемелер орналасқан. Бүгінде ауданның үй кезегінде тұрған 24 отбасына пәтер кілті табысталса, қалған 36 отбасы жақында комиссия шешімімен баспана бақытын иеленеді.
Аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев:
- Ауданда көпбалалы отбасылар санатынан, жетім балалардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, халықтың әлеуметтік осал топтарынан, тұрғын үй апатты деп танылған азаматтардан, мемлекеттік қызметкерлерден, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен 2581 адам тұрғынүй кезегінде тұр. Бүгінде 30 қабатты 2 тұрғын үй салынуда. Алдағы жылдары 180 отбасыға арналған 3 қабатты тұрғын үй салу жоспарда бар, -деді.
Оставить комментарий