Тараз қалалық мәслихатының депутаты үйқамаққа алынды, деп хабарлады Казтаг.
Тараз қаласы әкімдігіне қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірін басқаратын депутат қол астындағы адам арқылы заңды тұлғадан құрылыс-монтаж жұмысына арналған қаржыны аударуды жылдамдату үшін бір жарым миллион теңге пара алған делінуде.
"Сот күдіктіге қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады" деп жазылған таратынған ақпараттық хабарламада.