Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы өкілі кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған

/image/2020/10/06/crop-3_12_876x1557_120207.jpg

Алматыда экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы өкілі кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деп айыпталып отыр. Бұл туралы today.kz хабарлады.

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің ішкі тергеу департаменті өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерімін деп таныстырып, кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған адамды ұстады.

Қаржы мониторингтік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам өзінің қылмысын мойындап отыр. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында құқық бұзушының Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері екені анықталды. 2017 жылы ол пара алғаны үшін сотталып, жұмыстан шығарылған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи