Әнші Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кетеді деген ақпар тараған болатын. Қазір бұл әңгіме әнші әріптестерінің арасында қызу талқыға түсуде. Тек Кәмшаттың кеткені туралы Баян Мақсатқызы өзінің инстаграм парақшасында ресми түрде жариялады.

Жанар Дуғалова Баян Есентаеваның продюсерлік орталығында алғаш «Премьера» деп аталатын топтың әншісі ретінде өнер көрсеткен болатын. Кейiннен Мөлдір Әуелбекованын орнына «КешYou» тобына қабылданды. Қосымша жеке шығармашылығын шыңдады. Кешьюге, өзіне автор ретінде бірнеше әндер жазды. «Turkvizyon» байқауына қатысып, Қазақстанға бас жүлдені жеңіп алып келді. «Ғашық жүрек 2″ фильміне, «Махаббатым жүрегімде» телехикаясына түсті.
Кәмшат Жолдыбаева сазгер Мақсат Жәутіковтың «Райхани» тобында өнер көрсеткен. Кейiннен Кешьюдің жаңа құрамында ән салды. Топтан бір рет кетіп, қайта оралған ол өткен жылы «КешYou» тобынан кетіп, Баян
Есентаеваның продюсерлігімен жеке әнші ретінде таныла бастады. Қазір Кәмшаттың қоржынында бірнеше ән және екі бейнебаян бар.
Гүлден Әбдібақыт