Польшада атып өлтірілген 16 жастағы қазақстандықтың ісіне байланысты жаңа деректер шықты, деп жазады SilkRoad порталы.
Қазақстандықты өлтірді деген күдікпен 51 жастағы Ч.Дариуш есімді азамат ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жүргенге дейін ол 3 ай қамауда болмақ. Күдікті кінәсін мойындап, жігітті қабан екен деп ойлап атқанын жеткізді.
Тергеу барысында күдікті азамат кәсіби аңшы екені, қару ұстауға рұхсаты бары анықталды. Іс бойынша тағы бір азамат 41 жастағы Б.Марцин есімді адам ұсталған. Оған үш айып тағылып отыр. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін қарашаның 1-інен 2-сіне қараған түні Польшадағы мектеп-интернаттың бірнеше оқушысы алма бағына серуендеуге барғанда оқ атылып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған. Қайтыс болған 16 жастағы Исмаил есімді Шығыс Қазақстан облысының тумасы Станислав Конар атындағы колледжде оқып жүргені белгілі болды.
Оставить комментарий