Қалжа тойын өткізгендер жауапкершілікке тартылады

/image/2020/11/16/crop-116_53_426x567_053420778700.jpg

Бас санитар дәрігердің қаулысына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласында Қалжа тойы өткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Той өтіп жатқанын карантин режимі бұзылмауын қадағалайтын полицейлер анықтаған.  

Той 13 қарашада “Әсия” кафесінде сағат 15.56-да өткен. Полицейлердің айтуынша, тойға келген 40 адам санитарлық ережені сақтамаған. Тойда егде кісілер мен қатар кішкентай балалар да болған.

Тойды ұйымдастырушылар қонақтарды қызметкерлерге арналған есіктен кіргізген.

Бір тәулікте 217 нысанда тексеріс  жұмыстары жүргізілді. Бір күнде 17 карантин тәртібі бұзылғаны анықталған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тәртіп бұзғандардың барлығы жауапкершілікке тартылатынын айтты.

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи