Елбасымыз Теңге құнсызданған күні «тәуелсіздігімізге қауып төніп тұр»,- деп еді. Сонда Елбасы төл теңгемізден айырылып қалуымыз ықтимал екенін меңзеді ме? Қазақстанда теңге құнсыздана бастағанда ресейлік сарапшылар Еуразиялық одақ аясында ортақ валюта “алтынды” енгізу туралы пікірлерін айта бастады. Естеріңізде болса, Ресей президенті В. Путин осы жылдың 10 наурыз күні Центробанк басшылығына және минситрлер кабинетіне үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЕАЭО және КО аясындағы ортақ валюталық интеграция құруды жеделдетуді тапсырған болатын( http://old.qamshy.kz/?p=21117). Іле-шала Астанада үш ел Президентінің ЕАЭО аясындағы кездесуі барысында Қазақстан мен Белоруссияға еуразиялық одақ шеңберінде ортақ валюталық одақ құруды ұсындып кеткен еді(http://old.qamshy.kz/?p=21683). Сонда еліміздегі осы реткі болған теңгенің құнсыздануы Путинның тапсырмасына сай жасалып отыр ма?
Еуразиялық одақ аясында Ресей жағы ұсыныс пен тапсырыс жасаушы, біз орындаушы болып отыра береміз бе? Сонда біз ата-баба арманы болған азаттығымызды одақтың «Алтынына» айырбастай саламыз ба? Құны түссе де, төл теңгемізден айрылғанымыз - тарихымызға жасаған қиянатымыз болмақ. Онда бар қазақты ата-баба аруағы да, болашақ ұрпақ та кешірмейді. Әр қазақ баласы да ұрпақ алданыда ары таза болып қалғысы келер. Мемлекетіміздің дербестігін сақтап қалу ойымызда болса, ортақ валютаны есігімізден кіргізбеуге барымызды салуымыз керек.
Тұрдыбек Құрметхан
Оставить комментарий