Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды.
Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе:
– Соңғы кезде пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер шектеу режимдерін енгізді. Сауда-экономикалық байланыстар азайды. Бұл жағдай, әрине, азық-түлік мәселесіне де әсер етеді. Ал астық мәселесі – ол бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ. Сондықтан, осы Заң жобасында қаралған астық қорларын сақтауды мемлекеттік қамтамасыз ету, осы саладағы оператордың мәртебесін анықтау туралы нормалар өте маңызды, бүгін өте керек нәрсе, – деді.
Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түлік астығымен кепілді түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәртебесі мен рөлін заңнамалық тұрғыдан айқындау мақсатында әзірледі.
Мәжілістің баспасөз қызметі
Оставить комментарий