Қызылорда облысының ТЖД басшысы қайтыс болды

/image/2020/11/24/crop-14_173_697x1239_imgonline-com-ua-black-white-9tkrwouddp.jpg

Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Бағдат Данилов 48 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстан  төтенше жағдай министрлігі Іnstagram желісіндегі ресми парақшасында.

"ҚР ТЖМ ұжымы ​Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады" делінген хабарламада.

​Данилов Бағдат Жұмаұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында 1972 жылғы 31 наурызда дүниеге келген.

1990 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен.

2015-2020 жыл аралығында Жамбыл облысы ТЖД басшысы болды. Бүгінге дейін Қызылорда облысы ТЖД-не жетекшілік етті.

Азаматтық қорғау полковнигі әріптестеріне сыйлы, туыстарына құрметті адам болған. Атқарған қызметіне сай медальдармен, төс белгілермен марапатталған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ???ҚР ТЖМ, МЧС РК (@tjm_mchs)

Оставить комментарий

Связанные Статьи