Канадалық үндіс Эшли Бернхэм Минск қаласында өткен «Әлем аруы – 2015» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы "Қамшы" порталы РИА Новости агенттігігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Әлем аруы-2015» байқауы Белоруссия астанасында 25-30 тамыз аралығында өткен болатын. 30 тамыздағы қорытынды бойынша Эшли Бернхэм әлем аруы атанды.
Эшли Бернхэм саны жағынан өте аз Кри үндіс тайпасынан шыққан қыз.
«Мен өз аз халқымның өкілі ретінде осындай сайыста жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын», – дейді ол өзінің аз ұлт атынан тұңғыш дүние жүзі аруы атанған қуанышын жасыра алмай.