Журналист Михаил Козачков Таразда қаланы сыпырып, тазалайтын қызметкерлерді күннің суығында төбесі ашық көлікпен тасыған видеоны жариялады.
"Егер саған жұмысың ауыр, адами жағдай жасалмаған болып көрінсе, онда жай ғана Таразда қарапайым жұмысшыларды қалай таситынын қара" делінген журналистің telegram-дағы жазбасында.
Видеоны JexeNews telegram-каналы да жариялап, "ауа райының жайсыздығына қарамастан, күні бойы жұмыс істеген адамдарды жылы автобусқа емес, төбесі ашық көлікке отырғызған. Тіпті фермерлер малдың өзін бұдан жақсы жағдайда тасиды. Тәрізі, әкімшілік ақшасын қимайтын сияқты" деп жазды.
Оставить комментарий