Бүгін, 21 желтоқсанда Алматыда қалалық сайлауалды штаб мүшелерінің «Омега дәмдеуіштер» ЖШС еңбек ұжымымен онлайн-кездесуі өтті. Nur Otan партиясы атынан мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының ережелерімен таныстырды.
Депутаттыққа кандидат, «Айсұлтан» холдинг компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат Қасымов өз сөзінде Алматы - еліміздің іскерлік астанасы, Орталық Азия өңірінің негізгі көлік-логистикалық тораптарының бірі екенін атап өтті. «Әлемнің үздік мегаполистерінің қатарына кіру үшін қаламызға жылына кемінде 5% экономикалық өсім қажет. Бұған еңбек өнімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады», - деді ол.
«Алматы экономикасының өсуі үшін алдағы 5 жылда Nur Otan партиясы әлеуеті жоғары басым секторлардың қатарында креативті индустрияны айқындады. Бұл жыл сайын 30 млн-ға жуық жұмыс орнын құратын әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі», - деп хабарлады депутаттыққа кандидат, «Алматы тазалық» директоры Ғани Мырзаханов.
Мәслихат депутаттығына кандидат, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты директоры Кенжехан Матыжановтың айтуынша Алматы дизайн, сәулет, музыка, әдебиет, сән, медиа, сандық өнер, кино, анимация және театрды дамыта отырып, Орталық Азияның креативті индустриясының орталығына айналуға мүмкіндігі бар. «Алдағы бес жылда креативті индустрияда қалада 15 мыңға жуық тұрақты және жыл сайын кемінде 5 мың уақытша жұмыс орны құрылады», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, сайлаушылармен кездесуге Nur Otan партиясының кандидаттары-Серік Әубәкіров, Ерұлан Қарағұлов, Мамед Насимов, Төлеуғали Тайтөлеев, Наталья Рахальская және Жанар Құралбаева қатысты.
Nur Otan партиясына дауыс беріңіз!
Nur Otan партиясы Алматы қаласы сайлау қорының қаражатынан төленді.
Оставить комментарий