Жасанды тыныс алу аппараты Өзбекстанға контрабандалық жолмен тасымалданған

/image/2020/12/23/crop-79_3_450x600_photo_343279.jpeg

Мақтаарал ауданының прокуратурасы мен "Атамекен" кедендік бекетінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына 7 жасанды тыныс алу аппаратын контрабандалық жолмен тасымалдап жатқан тұлғаларды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мақтаарал ауданының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Контрабандашылардан тәркіленген жасанды тыныс алу аппараттарын "Мырзакент" және "Атакент" аудандық ауруханаларының басшылығына табыстады. 5-еуі "Мырзакент" аудандық ауруханасына, 2-еуі "Атакент" аудандық аурухана балансына өткізілді.

Жасанды тыныс алу аппаратын контрабандалық жолмен тасымалдағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи