1 ақпаннан бастап кейбір ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады

/image/2021/01/28/crop-26_6_535x714_14522976.jpg

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталады. Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалды.

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады.

– Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, Ұлттық банктің жақын маңдағы филиалына барып, 1 ақпан сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз, – деді Жомарт Қажымұратов.

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи