Қазақстанда биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

/image/2021/02/12/crop-153_129_286x382_championship.png

2023 жылғы 4-12 наурыз аралығында Қазақстанның Щучинск қаласында биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) техникалық комитеті мен басқарма мүшелерінің арнайы отырысында айтылды.

Жиын барысында алдағы уақытта өтетін бәсекелер кестесі қаралды. Сонымен қатар атқарушы комитет 2022-2024 жылдары өтетін Әлем Кубогы, IBU Кубогы, Еуропа ашық чемпионаты, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Кубок пен Әлем чемпионаты өтетін жерді анықтады.

Осылайша, биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын 2023 жылы 4-12 наурыз аралығында Қазақстанның Щучинск қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи