Қазақстанның бес өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.
Алматы және Қарағанды облыстары "сары" аймақта.
Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.
Оставить комментарий