Қазақтың сан тарихы бұрмаланып, ашылмас сырлар бұқпаланып, салтымыз бен ұлттық өнерімізді енді ғана іздеумен әуре болып жүрген біздің бетке ұстар "жұлдыздар" үндінің үлгісін жарнамалап әуре болып жүр.Кеше ғана той алды қыз ғұмырымен қоштасуын өнер айналасында жүрген құрбыларымен бірге үндінің салтымен өткізген Аша(Ақбота) Матай сөзімізге дәлел бола алады.
Бұл былығын халық қаламаса керек. Ашаның парақшасына тасада қалған салтымыз туралы ойымен бөлісіп, әншіні сынның астына алды. Өзінің "қара пиарын" бұқпасыз көрсеткен ол суреттерін интернет әлеміне жүктеп әуре. Халықтың арқасында "жұлдыз" болып жүрген өнер адамдарының тыңдарман пікірімен санаспайтын секілді. Онсыз да тұнығы лайланған ұлттық өнердің өресін ескермей, басқаның қаңсығын таңсық көріп халыққа шын өнерді көмескілеп жүрген жандар жетерлік еді. Қазақтың тәрбиесін алып, қазақ жерінің топырағын басып, ауасмен тыныстап жүрген қазақ қыздарына осындай қисынсыз қылық жасауы- өзін жарнамалау ма? Десек те, жарнамасының « жұлдызы жанып», қазақтың ұлттық намысы көлеңкеде қалғанын қара көздеріміз қашан ескереді екен? "Жұлдыздар" шетелге еліктейміз деп жүргенде қазақтың әдебі бөлектеу екенін түсінсе болар еді, шет елдегідей қазаққа "қара пиармен" танылу -тасқа тамыр шығарумен тең.
Ендігі жерде "жұлдыздар" жұлдыз болып жануына себепкер -халық екенін ескерсе, ұлттық өнер мен салтымыздан аттап, батысқа, басқаға табынуын доғарса екен дейміз.
Гүлден Әбдібақыт
Оставить комментарий