Мұсылманнан да «гей» шықты. Үйдегі балаңыздың жағдайы қалай?

/uploads/thumbnail/20170708194459074_small.jpg

Иә, көптен бері жұртты дүрліктіріп жүрген мәселе – еркектердің екінші сортқа айналып бара жатқандығы. Әлем мемлекеттерінің күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселе дәл осы – біржыныстылардың құқықтарын заңмен реттеу болып қалғаны да ақиқат. Зерттеу институттарын ұсынып отырған мәліметтерге сүйенсек,  дүниежүзі мемлекеттері тұрғындарының кемінде 10 пайызы дәстүрлі емес жыныстық қатынасты ұстанатындар болып шыққан. Өкінішке орай, мұндай мемлекеттердің қатарына Қазақстан да кіреді екен. Сонымен, қазақстандық «гейлердің» тыныс-тіршілігі қандай? Олар күнделікті өмірде қандай мәселелерге жиі тап болуда? Жалпы Қазақстандағы «гомофобия» туралы қазақстандық БАҚ-қа өзін «геймін» деп таныстырған Аслан есімді жігіт баяндап берген. Бұл туралы «Қамшы» порталы nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мен 16-17 жасымда менің қызым болған және алғашқы жыныстық қатынасты сол кезде сезінгенмін. Сол кезде бір нәрсенің дұрыс емес екеніне көзім жетті. Мен өз бойымдағы бұл сезіммен қанша күрескеніммен жеңе алмадым. Неге мен оны жеңуім керек? Бұл менің табиғатым және оған өзгелердің қол сұғуына  хақысы жоқ. Менің «гей» екенімді менің анам біледі. Ол басында бұған қарсы болғанымен, кейін көндікті. Ал әкем білмейді, білмей-ақ та қойсын. Мен барлық аналарға айтарым – егер балаңыздың шын мәнінде бақытты өмір сүргенін қаласаңыз, оның таңдауына шектеу қоймаңыз.  Менің де өзімнің балам болғысы келгенін қалаймын. Мысалы, менің бір «гей» досым  бір қызға үйленіп, қызды болғанда екеуі ажырасып кетті. Қазір қызын тәрбиелеп отыр.Бұл жақсы емес пе?!»,-дейді 26 жастағы Аслан есімді азамат(ша).

Ол өзінің өмірі мен бұл жолға қалай келгендігін баяндай отырып, Қазастандағы «гомофобия» туралы де сөз еткен. Мысалы, Асланның ойынша біздің мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз біржыныстылардың өмірлік ұсытанымдарына толықтай қайшы келеді. Сондықтан, біз бұдан арылуымыз керек-мыс.  Сонда қайдағы келген «гейлер» үшін ғасырлардан жалғасқан ғұрпымыздан безу ақылға қонымсыз екенін Аслан ұғынбаса керек-ті. Ол мұнымен шектелмей, «гейлер» туралы сериал түсіру және оны мемлекеттік деңгейде насихаттау керек депті. «Қазақ хандығының 550 жылдығы» айтулы датасының қарсаңында «Қазақ елі» атты мемлекеттік маңызы бар танымдық-тағылымды сериал түсіруге қаражат таппай тығырыққа тірелген билікке – енді шыққан тегі белгісіз «гейлер мен гомосекуалистер» туралы сериал түсіруді ұсынса – жоғарыдағылардың шақшадай бастары шарадай болар, бәлкім? Және бұл кімге керек? Ұрпақтың санасын улау үшін бе?

Сұхбатты оқып отырып жанымыздан түңілгеніміз рас. Ең сорақысы өзін дәстүрлі емес жыныстық қатынас өкілдеріне жатқызған Асланның – мұсылман екендігі. «Мен мұсылманмын және мешітке жиі барып тұрамын. Рас мен белгілі бір кезеңде шіркеуге де ғибадатханаларға да барғанмын. Бірақ мен мешітке барған кезде жаным рахаттанып сала береді. Менің ойымша адам – Құдайды іздеумен өмір кешеді. Бірақ осы жолда оны фан-клубына кіруге міндетті емес деп ойлаймын. Дін – адамдардың ойлап тапқаны. Айтпақшы ешбір дінде «гей»-жаман деген сөз жоқ. Сондықтан біздің төсегімізді күзетпей-ақ, қойыңыздар!», -деп көсіліпті.

Атақты антрополог Эдвард Вестермактың «The History of Human Marriage» атты ғылыми еңбегінде: «Неке-бір немесе бірнеше ер адамның бір немесе бірнеше әйелмен заңмен құпталған бірлескен ұйымы» деп көрсетілген екен.   Алайда, соңғы он жылдың ішінде «неке» ұғымы мүлдем өзінің мағынасын жоғалтқан болса керек, жынысы бір адамдар қоғамда іріткі салып жүр. Бұлар психологиялық ауруға душар болғандар дейді мамандар.

 Қазір қоғамның өзі бір жыныстыларды өз ортасынан оқшаулауда. Сіз білерсіз, бәлкім білмейсіз көгілдір еркектердің өздері жік-жікке бөлінеді екен. «Гетро», «метро», «гомо», «андрогины», «транцвистит» т.с.с. Бұл еркектердің жаңа типтері. Ерім дер ер азаматтарымыз қызтекеліктің құрсауында жүргенде әлемді әйелдер билеп-төстеген  алмағайып заманның тумасына не шара? 

Айтпақшы, естеріңізде болса былтырғы жылы қаңтар айында  қазақстандық депутаттар жыныстық қарым-қатынастар саласында бұл мәселеге қатаңдау қарау керек дегенді алға тартқан болатын. Алайда нақты талаптар әлі күнге дейін қабылданбай отырғаны жасырын емес.

Жетпіс жеті атамыз естімеген бұл сұмдықтың алдын алу үшін қатаң заң қажет екені рас. Мұндай індетті күш арқылы шешу (қуалап жүріп ұрып-соғу т.б.) еш мүмкін емес екені де рас.  Әдетте ондайлар өздерінің құқықтарын жақсы қорғай біледі, сауатты келеді. Олар таяқтан да, басқадан да қорықпайды. Шет елдердегі үлкен қарсылықтар осы сөзімізге дәлел бола алады. Керісінше, заң жобасын тыңғылықты әзірлеп, белгілі бір деңгейде күші бар құжат арқылы тәртіп орнатқан мемлекеттер бірталай бәленің алдын алып отыр.

Соңғы кездері шөлмектің шеңгелінен  босамайтын әкелер мен аналардың қоғамда қаптап кетуінен, тәрбиеге көңіл бөлінбей жүргені, кейбір байбатшалардың қағазбастылығынан баланың не істеп, не қойып жүргенінен мүлде бейхабар екені рас-ақ. Отбасындағы әкелік тәрбиенің жеткіліксіздігінен, аналық мейірімнің  азығынан небір жігіттеріміз жібектей майысқан, қыздарымыз  қылығын   жоғалтқан бөденеге айналып бара жатқаны ащы болса да шындық. Сондықтан ойланыңыз, сіздің үйдегі өспірімдердің жағдайы қалай? Ертең сізге келіп, өзін «Геймін» немесе «лесбимін» деп тұрмасына кепіл бола аласыз ба? Лаңы ішке бұққан жыланға айналмасына кім кепіл?!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи