Қазақстанда педофилдерді өмір бойы бостандығынан айыру жазасы күшене енді

/uploads/thumbnail/20170708194458523_small.jpg

Қазақстанда тұңғыш рет педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы туралы заң қабылданды. Ендігі жерде кәмелет жасқа толмаған және мектеп жасындағы бүлдіршіндерге сексуалдық күш көрсететіндер өмір бойы темір торға тоғытылатын болады. Бұл туралы «Қамшы» порталы nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енген Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне педофилдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізген. Сондай-ақ, сот айыпталушыға 15 жылдан 20 жылға дейін түрмеге қамау жазасын да таңдай алады»,-дейді  қазақстандық адвокат Дж. Өтебеков.

Естеріңізде болса, жақында әлеуметтік желіде қызу пікір-талас тудырған педофилдің видеосы туралы қазақстандық БАҚ жазған болатын. Алматыдағы подъездердің бірінде кішкентай қызға азғындық әрекеттер жасамақ болған педофилге сот 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.  Өтебековтің айтуынша, қылмыс аяғына дейін жеткізілмегендіктен, одан артық жаза тағайындалуға мүмкіндік жоқ екендігін айтады. Сондай-ақ, кішкене қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған азғын өзінің жазасының аяғына дейін темір торда отыратынын айтқан.

Себебі педофилдерге шартты түрде мерзімінен бұрын босату сияқты жазаны алмастыру шаралары қарастырылмаған.

«Жаңа кодекс педофилдер үшін барлық жеңілдіктерге жолды жауып тастады! Олар үшін келесі жағдайлар алынып тасталды: шартты соттау; шартты түрде мерзімінен бұрын босату; кез келген ескіру мерзімі; зардап шегуші тараппен келісімге келу; ауыр жағдайларға душар болғандықтан немесе өз ісіне өкінетінін дәлелдей алғандықтан босату; өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға немесе бостандығын шектеу жазасына алмастыру; жазасын балалары барын ескере отырып, кейінге шегеру; амнистия (кешірім беру)»– дейді адвокат.

Айтпақшы, осының алдында ҚР Парламентінде «педофилдерді піштіру керек» деген ұсыныс та айтылған болатын. Депутаттардың бұл ұсынысын ҚР Бас прокуратурасы да қолдаған. Прокуратура ұсынған педофилдерді піштіруді іске асыруды өзге елдерде бар екенін ескере отырып, оларды қоғамнан оқшауланғандар мен психикалық ауытқуға ұшырағандар жатқызылатын  емханаға қамау керек деген ұсынастар да айтылған болатын.

Парламент қабырғасында талқыланған «педофилдерді әтектеу» заңы ендігі жерде өмір бойына бас бостандығынан шектеумен тоқталған.

Адам деген атын былғап, жаратылысын жануармен теңестіріп жүрген «педофилдердің» азғындығын тыю үшін – бұл да болса аздық ететіні түсінікті. Қалай болғанда да бала зорлаушыларды піштірумен шектелу, немесе олардың мойнына пәлен жыл жүктеп, темір торға тоғыту арқылы қатарын азайту, бәлкім, дұрыс шығар. Бірақ, ақыл-есінің кемдігі бар адам тектес «айуандарға» жазаның қай түрі де лайық.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи