Алматыдағы А. Байтұрсұнов көшесінің бойымен жүретін трамвай көшедегі бірнеше көлікті сүйреп кеткен.
Жол көлік оқиғасы бүгін 11:30 шамасында болған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Zakon.kz- сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға куәгері болған Жарас Мұхамедттің айтуынша, Шевченко көшеінен Байтұрсынов көшесіне бағыт алған трамвай көшедегі 20 көлікті сүйреп кеткен. Апат кезінде трамвайдың салоны бос болған. Ал жол көлік оқиғасы салдарына бір әйел көлікке қысылып қалған.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жүргізуде. Олар аудырылып қалған көліктерді қайта тұрғызу және көлік ішінде қалғандарды құтқаруда. Алдын ала болжамдар бойынша ірі жол көлік апатынан 7 адам жарақат алып, 5 адам ауруханаға жеткізілген.



"Қамшы"сілтейді