Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында медицина қызметкерлерінің 100 пайызы вакцина алған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.
Оның айтуынша, ауданда 10 егу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде 3 жылжымалы егу пункті бар.
«Бейнеу ауданы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, аудандағы вакцинация жұмыстары 1 ай кешігіп басталды. Алғашында екпені тасымалдау мәселесі туындады. Мәселен, тоңазытқыш жетіспеушілігі болды. Осылайша Бейнеуде екпе егу жұмыстары 26 наурыз күні басталды. Вакцинаның І компонентін 7445 тұрғын алса, ІІ компонентпен 4656 адам егілді. Қазір Бейнеу ауылында 4, Сарға ауылында 1, Ақжігіт ауылында 1 және Боранқұл ауылында 1 егу пункттері жұмыс істеп тұр», - деді Бейнеубек Әбілов.
Айта кетейік, Бейнеу ауданында медицина қызметкерлерінің 100 пайызы (ауданда 600 медицина қызметкері бар, барлығы екпе алды), білім беру саласы қызметкерлерінің 60 пайызы (аудандағы 2664 қызметкердің 1694-і), мемлекеттік қызметкерлердің 92 пайызы (аудандағы 300 мемлекеттік қызметкердің 277-і) екпе алды.
Оставить комментарий