Қазақстан Таяу Шығыстан келетін босқындарды қабылдауға дайын дейді вице министр.
Егер соншама кеңпейіл, жүректері ашық болса, ең алдымен өзіміздің қазақ қандастарымызды неге елге қайтаруды қолға алмайды? Оларды елге келтіруге қолайлы жағдай неге жасамайды? "Келсе келсін, бірақ өз ақшасымен келуі тиіс" деп қандастарымызға келгенде қытымырлық танытады да, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын босқындарға жанашыр бола қалуын бұлардың!
Әрине, босқындарға жанымыз ашиды. Бірақ, Еуропаға ағылып жатқандардың ішінде байқасаңыз, егде адамдар, қариялар, бала шаға емес, тепсе темір үзетін жас жігіттер мен әйелдер көп. Отанын қорғағысы келмейді, елдің ертеңін ойламайды, қолдарына қару алып халықтың шырқын бұзған лаңкестерді қуғысы келмейді де, жайлы жұмсақ жерге барып тыныш өмір сүргісі келеді. Ал соларға енді біз көмектесуіміз керек екен?
Өз халқымызды жетістіріп алайықшы әуелі.
Жанболат Мамай, Facebook парақшасынан алынды