Ақтөбеде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш қойылды

/image/2021/12/01/crop-87_18_697x929_57ec831659d0e6b4856d1d94aa6a44c7_1280x720.jpg

15 қазан күні Ақтөбеде ақын Төлеген Айбергенов пен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты өтті.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Шәмші Қалдаяқовтың апасы - Райхан Домбаева, ақын Төлеген Айбергеновтің қызы - Махаббат Айбергенова, “Әдебиет. Рух. Қоғам” атты екі күндік республикалық әдеби форумның қатысушылары және т.б. келді.

«Қадірлі ел ағалары, бауырлар! Біз бүгінгі күні «Алтын бесік - Ақтөбенің» төрінде орын алған тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Күні кешегіміз бүгін тарихққа айналса, бүгінгіміз ертеңгі тарих болмақ. Қазақ даласы дарынды тұлғалалардан кенде емес. Қай-қайсысының да тарих төрінен ойып алар өзіндік орны бар. Бөліп –жаратын ештеме жоқ. Дегенмен сол таланттар шоғырының ішінде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовтың орындары ерекше»,- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

Ескерткіштер қала орталығында – ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы Ғашықтар аллеясында орналасқан. Төлеген Айбергенов ескерткішінің биіктігі - 3,2 метр. Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші композитордың қолына музыкалық аспапты алған күйі отырғышта отырғанын бейнелеген.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи