"Самұрық-Қазынада" ауыс-түйіс: Бозымбаев пен Ақышев кетті, Сүлейменов келді

/image/2022/02/08/crop-17_-2_1421x2527_mycollages.jpg

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды.

"Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KASE Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады:

- Бозумбаев К.А., Акишев Д.Т., шығарылды;

- Сулейменов Т.М.- сайланды" делінген ақпараттық хабарламада.

Қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасы алты адамнан тұрады:

♦ Джон Дудас – директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор

♦ Онг Бун Хви – тәуелсіз директор

♦ Лука Сутера – тәуелсіз директор

♦ А.С.Куантыров – директорлар кеңесінің мүшесі, ұлттық экономика министрі

♦ А.М.Саткалиев – директорлар кеңесінің мүшесі, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы

♦ Т.М.Сулейменов – директорлар кеңесінің мүшесі, президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары

Оставить комментарий

Связанные Статьи