Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов келесі аптадан бастап оқушылар оффлайн форматта оқитынын хабарлады. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
– Омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі - жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі. Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз, – деді Тоғжанов.
Айта кетейік, 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап 600-ге жуық оқушысы бар мектептер толыққанды оффлайн оқуға көшкен болатын.
Оставить комментарий