Мариупольдегі "Азовсталь" зауытынан украиналық сарбаздарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Ресейдегі БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, 16 мамырдан бері "Азовсталь" зауытынан 959 украиналық сарбаз шығарылған.
"Украина сарбаздарының жартысынан көбі зауыттан ақ жалау көтеріп шықты" деп пікір білдірді Донецк Халық Республикасының басшысы Денис Пушилин.
Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Новоазовск елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілген жаралы жауынгерлерді көрсетті. Зауыттан шыққан әскерлердің 80-і жаралы. Жаралы әскерлер ДХР аумағындағы Новоазовск ауруханасына жеткізілген.
Мариуполь қаласы Ресей әскерінің бақылауына өткенімен, "Азовсталь" зауытындағы украинлақы жауынгерлер әлі күнге дейін берілмей отыр. Украина басшылығы секілді олар да "Азовстальден" жаралы жауынгерлерді эвакуациялауға мүмкіндік беруге шақырған. Ресей олар беріліп, тұтқынға түсуге тиіс деген талап қойған.
Оставить комментарий