Азат Перуашев Павлодар мен Петропавлға тарихи атауын қайтаруды ұсынды

/image/2023/04/06/crop-2_16_348x618_56a624cacf3e52d6e86c3dd8377da3ef61ad6fca.jpg

Депутат Азат Перуашев Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Кереку немесе Ертіс деп өзгертілуі керегін айтты, деп хабарлады informburo.kz

"Бұл қалалар ақ патшаның кезінде салынғанымен, қазақтың жері. Бабаларымыздың білектің күші, найзаның ұшымен жеткен жері. Сол үшін осы қалаларға тарихи атауын қайтару керек деп санаймын", – деді ол.

Журналистердің "Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қала атын ауыстыру қазір қауіпті емес пе?" деген сұрағына Перуашев:

"Менің ойымша, көршілермен қанша санассақ та, ел өзіміздікі, жер өзіміздікі. Соны ұмытпауымыз керек", – деп жауап берді.

Сонымен қатар, депутат мәселеге қатысты соңғы шешімді Парламент емес, президент қабылдайтынын да атап өтті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи