"Арықтап кеткен": Қамаудағы Думан Мұхамедкәрімге тағы бір айып тағылды

/image/2023/06/09/crop-22_5_547x972_01000000-0aff-0242-9815-08db5dcdebb5_cx0_cy10_cw0_w1023_r1_s.webp

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды, деп жазады Азаттық. Бұл туралы адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Айтуынша, Думан Мұхамедкәрімге "террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша айып тағылған.

"Бізде жаңа ғана 258-бап бойынша қозғалған іс аясында жауап алынды. Думан қорғануға құқығы бар куә ретінде сұрақтарға жауап берді. Іс Әблязовпен болған сұқбатқа қатысты. Өзге ақпарат айта алмаймын" деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Думан Мұхаммедкәрім 28 мамырда «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 25 тәулікке қамалған. Изоляторда сот шешіміне қарсылық білдіріп, аштық жариялаған.

"Он күннен бері тек су ішіп жатыр. Бүгін жауап алуға келгенде, екінші қабатқа әрең көтерілді. Өте әлсіз. Арықтап кеткен. Күші жоқ",- деді адвокат.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи