Алаяқтар Әділет министрлігінің атынан хабарласатын болды

/image/2023/09/18/crop-0_16_449x798_090706715700.jpg

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли алаяқтар азаматтарды сендіре түсу үшін жалған кәуілік ұсынатынын айтып, ескерту жасады.

«Соңғы уақытта алаяқтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшылығының атынан азаматтармен байланысып, жеке мәліметтерді сұрап жатыр. Әділет министрлігі жеке деректерді (аты-жөні, ЖСН, мекен-жайы, телефоны) үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға  жарияламауын сұрайды», – деді Талғат Уәли азаматтарға.

Есте сақтаңыздар, Департамент басшылығы мен Әділет министрлігінің қызметкерлері телефон қоңыраулары мен SMS арқылы деректерді сұрамайды. Алаяқтар байланысқан жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Әділет министрлігінің қызметі жайында ақпаратты 119 телефоны бойынша байланыс орталығынан алуға болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи