Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді.
«Полиция қызметкерлері “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» – делінген хабарламада.
Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етілмеді.
Оставить комментарий